Кездесу барысында Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысуына қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында цифрлық технологиялар, қаржы технологиялары мен құралдарын дамыту саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.
Айта кетейік, Zhejiang Jumore E-commerce Co.Ltd. - тауарлар мен қызметтердің кең спектрі үшін трансшекаралық электронды сауда платформасын ұсынатын Қытай компаниясы. Компания G20 және «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бойлай орналасқан елдерді қоса алғанда әлемнің 60-тан астам елімен ынтымақтастықта.