«2016 жылды біз жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. 11 айдағы жұмыстың қорытындысын өткен аптадағы отырыста талқылаған болатынбыз. Жылдың қорытындысын қаңтар айының басында талқылаймыз»,-деп хабарлады Сағынтаев.
Сондай-ақ Премьер-министр Мемлекет басшысының Үкімет алдында қойған міндеттері мен тапсырмалары орындалды деп атап өтті.
«Баршаларыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!. Үкімет мүшелері мен әкімдерге бірлескен жұмысымыз үшін ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денаулық, отбасылаарыңызға құт береке, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін»,-деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, ҚР Үкіметі бүгін 2016 жылдағы соңғы жалпы отырысын өткізді.