Сағынтаев РФ Үкіметінің өкілдерімен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Астанада өтіп жатқан Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйі, транзиттік-көліктік, өнеркәсіп, АӨК салаларындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.