Сағынтаев «Самұрық-Қазынаны» трансформациялау мәселелері жөнінде отырыс өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында холдингті трансформациялау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерді оңтайландыруға қажетті шаралар қаралды.