«15 жылда ШЫҰ жұмысында елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. ШЫҰ еркін сауда аймағы - келешегі бар өзара тиімді жоба болар еді. Ішкі экономикалық байланыстарды кеңейту мен аймақтық экономикалық өзара қарым-қатынасты нығайтуды есепке алып, ұйымға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің және диалог бойынша серіктестердің өзара мүдделерін үйлестіре отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек», деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Еске сала кетсек, бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылар кеңесінің 15-ші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Бұл отырыс ШЫҰ мерейтойлық жылындағы ресми шаралар кезеңін аяқтайды. Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді.