Сапар барысында Үкімет басшысы қалаға қарасты бірқатар нысандармен таныспақ. Олардың қатарында Тасбөгет су торабы, облыстық балалар ауруханасы, «Шұғыла» шағын ауданындағы балабақша мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бар.
Сондай -ақ, Бақытжан Сағынтаев «Достық» үйінде өтетін шараға қатысып, Сырдарияның сол жағалауы жобасымен танысады.
Түстен кейін Үкімет басшысы Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кеніші мен көне тарих көмбесі саналатын ежелгі Сығанақ қаласын зерттеу жұмыстарымен танысады деп күтілуде.
Фото: Vlast.kz