Отырыс барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тапсырмаларын орындау аясында әзірленген «Жер қойнауы туралы» ҚР жаңа кодексінің жобасы талқыланды, сондай-ақ, 2018 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресіне дайындық мәселелері қаралды.
Дүниежүзілік тау-кен конгресі - әрбір 2-3 жыл сайын өткізілетін, ТКМ саласындағы ауқымды шара. ДТКК құрамына әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен 49 елдің ғалымдары кіреді. Алғашқы конгресс 1958 жылғы қыркүйекте Варшавада (Польша) өткен.