«Әртараптандыру бағытындағы қадамдар орындалып жатқанын байқап отырмыз. Бұл тұрғыда Солтүстік Қазақстан облысының оңтайлы тәжірибесі туралы айтылды. Өңірлерге сапар барысында ауыл шаруышылығы тауарларын өндірушілер минералдық тыңайтқыштар көлемін арттыру мәселесін көтерген болатын. Сондықтан осы тақырыпты біздің бағдарламалар аясында бөлек қарастырған едік. Жеңіс Махмұдұлы, (ҚР Инвестициялар және даму министрі) минералды тыңайтқыштарды толық көлемде өндіріп, шаруашылықтарға жеткізіп беруге қолдау жасау керек»,-деп тапсырды Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Сағынтаев тыңайтқыштарды өндіру көлемін арттыру бойынша алдағы жылға жоспарды қарастыру қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов биылғы жылғы көктемнің ерекшелігіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстары межелеген мерзімде өткізілгенін жеткізді.
«Жалпы салада ағымдағы жылы жүйелі шараларды іске асыра алдық. Бәрінен бұрын элиталық тұқым өндірісі қалпына келтірілді. Осы орайда тұқым шаруашылығын қолдауға қаржыландыру көлемі айтарлықтай артты. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейі 1,5 есеге жоғарылады»,-деді Асқар Мырзахметов.
ҚР АШМ мәліметіне қарағанда, субсидияланатын тыңайтқыштардың ассортименті 2016 жылғы 85-тен 2017 жылы 161-ге дейін артты. Субсидия тетіктерін қайта қарау нәтижесінде тығңайтқыштарды енгізу көлемі 1,5 есеге ұлғайды.
12:42, 13 Маусым 2017
Сағынтаев тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.