"Мемлекет басшысы белгілеген бағыттарды мерзімінде жүзеге асырудың нақты алгоритмі болуы шарт. Жауапты тұлғалар да болуы тиіс. Сіздерден қатаң сұралатын болады", - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында.
Министрлер кабинетінің басшысы өзінің орынбасарларына Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындау барысы бойынша тыңдауларды өткізіп отыруды тапсырды.
"10 қыркүйекте мен аймақ әкімдерімен кездесу өткіздім. Осы кездесу қорытындысы бойынша, мен аймақ мәселелерін ай сайын үкіметте қарауды тапсырдым. Осы орайда, мемлекеттік органдар өз жұмыстарын түбегейлі қайта қарайтын болсын. Формализмнен арылып, әкімдер қойған мәселелерді нақты шешуді тапсырамын. Мысалы, әкімдер әлеуметтік мазут пен коммерциялық астық мәселесін шешуді сұрады. Қазір бұл сауал шешімін тапты", - деді ол.