Сағынтаев жетекші қазақстандық ІТ-компаниялардың басшыларымен кеңес өткізді
Бизнес қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамытудағы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, түйіткілді мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінде ІТ мамандарын тауарларды, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету мәселелері; ІТ-стартаптардың инновациялық гранттарын бөлу; салық жеңілдіктері мен артықшылықтарын ұсыну; МЖӘ тетіктерін жетілдіру; электрондық коммерцияны ынталандыру; отандық мамандарды даярлау мәселелері толғандырады.
Еске сала кетейік, отандық ІТ саланы дамыту мәселелері ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен Назарбаев Университетін аралауы барысында талқыланған болатын.
Өз Жолдауында ел Президенті цифрлық индустрияны дамыту барлық өзге салалардың дамуына серпін болатынын айтты және Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды дамыту міндетін жүктеді.