Сағынтаев Жолдауды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

Кеңес барысында Қазақстанның экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне көшуі мәселесі бойынша министрліктердің тәсілдемелері және пайымы, сондай-ақ экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғыртуды іске асыру қарастырылды.