Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды, оның негізгі мақсаты өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндіктерді кеңейту арқылы еліміздің халқының табысын арттыру болып табылады.
20:53, 04 Қараша 2016
Сағынтаев жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.