«Мұндай жәдігер алғаш рет табылып отыр. Бұл ғылыми сенсация болуы мүмкін. Ежелгі заман морждары бұрын-соңды еш жерде табылған емес», - деді Якутия Ғылым академиясының мамонттық жануарлар дүниесін зерделеу бөлімінің басшысы Альберт Протопопов.
Морждың тісі нақты өмір сүрген кезеңін анықтау үшін радиокөміртекті талдауға жіберілді, деп хабарлады ТАСС. Осыдан кейін Солтүстік Мұзды мұхиттағы қазіргі Новосібір аралдарының орнында теңіз болған деп нақты айтуға болады.