SAIC Motor Қытайда алғаш рет 100 миллион көлік шығарды

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайлық автогигант SAIC Motor рекорд орнатып, автокөлік саласында 100 миллион көлік өндірісін жасаған алғашқы компания болды, деп хабарлайды China Daily.

Фото: China Daily

Бұл жаңалық Шанхайда салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара барысында компания өз портфолиосындағы Roewe, MG, Maxus, SAIC Volkswagen, SAIC Audi және SAIC-GM сияқты бірнеше брендтің тұтынушыларына бір уақытта кілт тапсыру ұйымдастырды.

«100 миллионыншы көлік» құрметті атағы флагмандық IM LS9 Hyper электрлік кроссоверіне берілді. Бұл модельді жоғары технологиялық электр көліктеріне мамандандырылған премиум суббренд IM Motors шығарады.

Компания бұл меже холдингтің көлік және компоненттер өндірісін, мобильділік қызметтерін, қаржы секторын және халықаралық операцияларды қамтитын интеграцияланған өнеркәсіптік экожүйесінің ауқымын көрсететінін атап өтті.

Тарихын 1955 жылдан бастайтын SAIC Motor Қытай нарығындағы көшбасшылығын сақтап келеді.

Қаңтар-сәуір айларында компания 1,3 миллион көлік сатты. Осы кезеңде топтың шетелдегі сатылымы 50,2%-ға өсіп, 459 000 данаға жетті.

Бұған дейін Бейжіңде әлемдегі ең ірі автомобиль көрмесі ашылғаны хабарланған болатын.