Сәкен Бибосынов «Елорда кубогы» турнирінің финалына өтті

Фото: Фото: Аян Төлеген

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» турнирінде алғашқы финалистер анықталды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 48 келі салмақта Асхат Жүсіпов пен 51 келіде Сәкен Бибосынов алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. 

Асхаттың қарсыласы жапониялық боксшы – Казума Аратеке. 

Жартылай финалда тағы бір жапониялық спортшы Макино Соушиді сан соқтырған Сәкен Бибосынов финалда Дамир Әбдіқадыровпен жұдырықтасады.