Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 48 келі салмақта Асхат Жүсіпов пен 51 келіде Сәкен Бибосынов алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Асхаттың қарсыласы жапониялық боксшы – Казума Аратеке.
Жартылай финалда тағы бір жапониялық спортшы Макино Соушиді сан соқтырған Сәкен Бибосынов финалда Дамир Әбдіқадыровпен жұдырықтасады.