Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Сәкен Бибосынов бастапқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасты.
Бұл кездесу Сәкенге оңайға түскен жоқ.
Алғашқы екі раундта Сәкен Бибосынов басымдық көрсеткенімен, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға беріп жіберді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дулат Бекбауовтың келесі кезеңге өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті жеңіске жетті.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).