Бұл сүйінші хабарымен әнші өзінің Инстаграммдағы жеке парақшасында хабарлады.
«Сүйінші,сүйікті Елім! Мейірімі шексіз Алла тағаланың қалауымен ұлым қарындасты,қызым сіңілілі болды!Сіздердің де үйлеріңізден іңгәлаған әлдидің үні үзілмегей», - деп жазған әнші.
Біраз уақыт өткен соң парақшасында құттықтаған оқырмандарына алғысын білдіріп: «Аса қадірменді достар, құттықтауларыңызға мың алғыс!Аллаға сансыз шүкір, қыздарыңызды иіскеп шықтым.Айтсаң мақтанғандай боласың, айнымаған өзім. Анасының жағдайы жақсы.Сіздер де той көріңіздер!» - деп жазды әнші.