«Әскери журналистерді даярлау жүйесін жандандыруға ниеттіміз. Осы тұрғыда құрлықтағы әскер институтына алғашқы қабылдауды іске асырдық. Дегенмен де бұл бағытта әскери кафедраларға (ЖОО-лар жанындағы) ерекше мән бермекпіз, себебі сұраныс деңгейі айтарлықтай жоғары»,-деді министр.
Сонымен қатар Жасұзақов биыл университеттер жанындағы әскери кафедраларда білім алған түлектер Қарулы күштер қатарына келісімшарт негізінде қабылданатынын айтты .
«Біз бүгінде қайта бағдарлау шараларын жүргізіп, бірқатар кафедраларда қазіргі заманғы мамандықтарға мән беріп отырмыз. Осы орайда олар ІТ-технололгия, ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына бағыт алды. Менің ойымша, бұл мамандар сұранысқа ие болады. Ағымдағы жылы әскери кафедралардың түлектерін ерікті негізде келісімшарт бойынша Қарулы Күштер қатарына шақыруды тапсырдым»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда ЖОО-лар жанындағы әскери кафедралар түлектерінің білімі тексерістен өтетін болады. «Бізде әскери дәрігерлер, артиллеристер мен байланыс мамандары бойынша біршама тапшылық бар»,-деді Жасұзақов.