Оның барысында сақтандыру агенттерін дайындайтын арнайы орталықтардың жоқ екендігі айтылды.
"Алтын полис" сақтандыру компаниясының өз қызметін тоқтатуына сақтандыру агенттері ықпал етті. Бұл компанияның сақтандыру агенттері жалған полистер жазып, бір нөмірмен тіркеусіз бірнеше полис жасады. Осыған орай сақтандыру агенттерінің қызметтерін тіркеу талабы енгізілді", - дейді Қазақстан сақтандыру қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы София Москаленко.
Оның айтуынша, қазір сақтандыру компаниялары агенттерді өздері дайындайды. Олардың қызметіне қатысты жауапкершілік те компаниялардың өзіне жүктелген. Сондай-ақ 2012 жылы сақтандыру сыйақысын қолма-қол ақшамен қабылдауға тыйым салынбақ. Сақтандыру компаниялары тек банктік төлем арқылы қабылдайды. Сақтандыру ұйымдары бір күннің ішінде ақшаны сақтандырушы кассасына, не банктік есепшотқа аударуы керек. Ал шалғайдағы сақтандыру нүктелеріндегі агенттер оны бір аптаның ішінде жүзеге асыруы тиіс. Мерзім демалыс, не мереке күндерімен сәйкес келсе, бұл талапты орындауда қиындық туындайды.
15:52, 04 Наурыз 2011
Сақтандыру агенттерін дайындайтын арнайы орталықтар жоқ-дөңгелек үстел
АЛМАТЫ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы сақтандыру V Халықаралық конференциясы аясында "Автосақтандыру: нарықтық технологиялардың даму келешектері" атты дөңгелек үстел өтті.