Сақтандыру, қайта сақтандыру және тәуекелдерді басқару саласында арнайы ғылыми-тәжірибелік басылым жарық көрді

АЛМАТЫ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда   сақтандыру, қайта сақтандыру және тәуекелдерді басқару саласындағы  арнайы ғылыми-тәжірибелік басылым жарық көрді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келіңіз, сізбен әңгімелесейік» деп аталатын  бұл кітаптың авторы Георгий Гришин. Ол «Эдельвейс» баспасынан жарық көріп отыр. Таралымы - 10 мың дана.  Бұл кітап сақтандыру нарығының мамандарына ғана емес, барлық мүдделі тұлғаларға арналған. Оны шығарған Қазақстанның сақтандыру нарығының көшбасшысы  «Еуразия» сақтандыру компаниясы. Орыс тілінде жарық көрген  сақтандыру, қайта сақтандыру және тәуекелдерді басқару саласында  бұл  ғылыми-тәжірибелік басылымды енді олар  аударып, алдағы уақытта қазақ тілінде шығаруды жоспарлап отыр.