деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазанның 1-індегі көрсеткішке қарағанда «Евразия» сақтандыру компаниясының активтері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,67 пайызға ұлғайды. Ал жиынтық активтер есепті мерзімде 9,06 пайызға, жиынтық капитал 12,46 пайызға өсті. Сақтандыру нарығындағы сыйлықақының көлемі азайған кезде, «Еуразия» компаниясы 26,102 миллиард теңге мөлшерінде сыйлықақы жинады. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 45,27 пайызға артық және нарықтың 25,07 пайызын құрайды. халықаралық компания есепті кезеңде сақтандыру/қайта сақтандыру шарттары бойынша 2,067 миллиард теңге төледі. Соңғы төлемдердің қатарында - зиян сомасы 178 мың еуроны құраған Италиядағы LG Electronics қоймасынан техниканың ұрлану жағдайы бойынша өтем. Сақтандыру төлемінің бірінші бөлігінің өзі 256,4 мың АҚШ долларын құраған Оңтүстік Кореяның экологиялық Daeil Development Co. LTD компаниясы кәсіпорнының жарылуы мен өртенуі. Австралиядағы 20,479 мың еуроға жуықтайтын орман өрті бойынша төлем. Сириядағы мата даярлау зауытындағы өрттің 29,769 мың еуроға жуық өтемін атап көрсетуге болады.