Сақтандыру нарығындағы бірқатар компаниялардың инвесторлары өзгереді - "Лондон-Алматы" СК Басқарма төрағасы

; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сақтандыру нарығындағы компаниялардың көпшілігінің инвесторлары кәсіби емес. Оны "Лондон-Алматы" СК Басқарма төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алдағы уақытта сақтандыру нарығындағы бірқатар компаниялардың инвесторлары өзгереді. Өйткені ондағы инвесторлар кәсіби емес. Ерте ме, кеш пе олар өз орнын кәсіби инвесторларға босатады. Осыған орай нарықта бәсекелестік артады", дейді "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов. Оның айтуынша, қазір сақтандыру нарығындағы көптеген инвесторлардың жоспарлары қысқа мерзімге арналған. Олар сақтандыру қызметін жетік біле бермейді. Кәсіби инвесторлардың келуімен бірге нарықтағы бәсекелестік күрт өсе түседі. Бұл әсіресе классикалық сақтандыру қызметтерінде жылдам көрініс табатын болады.