Сақтандыру ұйымдарының таза пайдасы 165% артқан

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елдегі сақтандыру ұйымдары 87 мдрд теңге таза пайда тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сақтандыру секторының таза пайдасы 87 млрд 241 млн теңге болды. Бұл - өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 165% артық», - деп жазылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру секторының жағдайы туралы сипаттамасында.

Агенттік дерегіне сенсек, сақтандыру секторындағы активтердің елдегі жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2,15% болып отыр. Ал сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ үлесі – 0,79%. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемін адам басына шақсақ, әрбір қазақстандыққа 42 300 теңгеден келеді.