«Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі ағымдағы жылы 7,8 пайызға өсіп, осы 2017 жылғы 1 қазанға 923,8 млрд теңге болды. Компаниялардың сақтандыру резервтері 10,4 пайызға, яғни 455,8 млрд теңгеге дейін өсті», - деді Данияр Ақышев.
Оның айтуынша, сақтандыру нарығын дамыту мақсатында заң жобасы әзірленген.
«Ол сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасауға, сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыру және құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламентте қаралауда», - деді Ұлттық банк төрағасы.