Сақтау мерзімі өткен тағамды сатып алған жағдайда не істеу керек – маман

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сақтау мерзімі өткен тағам өнімдерін сатып алған жағдайда не істеу керек? Елордалық Санитария-эпидемиология бақылау департаменті мамандары осы мәселеге қатысты кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сатып алынған тауардың сапасына немесе қайда өндірілгендігіне күмән туындаған кезде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұтынушы:

- тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға;

- тауар және дайындаушы туралы толық, сенімді ақпарат алуға;

- сатушыдан тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге құқығы бар (декларациялар, ауылшаруашылығы өнімдеріне ветеринарлық куәлік, ветеринарлық анықтама т.б.)», делінген хабарламада.

Ең алдымен, тауарды дүкенге қайтарудан қорықпау керек. Заңнама бойынша тұтынушының тауарда кемшілік анықталған жағдайда сол маркадағы тауарды ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап етуге құқығы бар.

«Көбінесе сақтау мерзімі өтпеген өнімнің бұзылғандығы, мысалы оны сақтау режимін орындамаған жағдай орын алады, бұл да тауарды айырбастаудың немесе қайтаруға себеп бола алады», делінген хабараламада.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес тұтынушы Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларына адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіру туралы толық сауалнамалық деректерді, пошта мекенжайын көрсетіп, қолын қойып және нақты фактіні көрсете отырып жазбаша өтініш немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда электрондық үкімет порталы арқылы немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарға жүгіне алады.

«ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулер жүргізілуі мүмкін, сондай-ақ сауда желісіндегі өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру- өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мақсатында жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Мамандар азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде тұтынушыларға бірқатар кеңес берді:

-өнім туралы ақпаратпен мұқият танысыңыз, оны заттаңбадағы таңбалаудан немесе тұтынушылық (зауыттық) қаптамадан оқуға болады. Өндіруші туралы ақпарат болуы тиіс;

өнімнің дайындалған күніне және оның жарамдылық мерзіміне, не өнімді пайдалануға қажет уақыт пен өнім пайдалануға жарамды болатын күнге назар аудару қажет. Әрбір тұтынушы, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатуға тыйым салынатындығын білуі тиіс;

-тез бұзылатын өнімнің тек тоңазыту жабдығы болған кезде ғана сақталуы және сатылуына, тез бұзылатын өнімді салқындатылмаған жағдайда сақтауға және сатуға тыйым салынғанына назар аудару қажет! Сауда кәсіпорындарында санитарлық ережелердің талаптары жиі сақталмайды;

-өнімді таңдағанда тез бұзылатын өнімдерге тән сыртқы түріне, микробиологиялық бұзылу белгілеріне назар аударыңыз: көгеру, ашыту, сулану, желдену;

-дайын өнімді, мысалы, салатты сатып алған кезде жарамдылық мерзіміне мұқият қарау маңызды. Санитариялық ережелер бойынша салаттар соус, майонезбен араластырылған түрде 3 сағаттан аспайтын уақыт сақталады.

-тез мұздатылған жартылай фабрикаттарды сатып аларда өнім деформацияланған, жабысып қалғанын байқасаңыз оны сатып алудың қажеті жоқ, себебі ол бірнеше рет ерітілген, яғни сапасын жоғалтқан және сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Мұздатылған өнімдердің сақтау температурасы минус 12 градус С-ден төмен болмауы керек (өнімнің таңбасында көрсетілген сақтау режиміне сай болуы керек).

Дүкенде қажетті таңдау жасау үшін этикеткаларды мұқият оқыңыз!