Сал ауруына шалдыққан балалар арнайы ауруханада тегін емделе алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сал ауруына шалдыққан балалар ешбір квотасыз әрі емхана жолдамасын алмай-ақ арнайы ауруханада емделе алады, деп жазады astanatv.kz.

Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қоры «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен оңалту орталығын ашты. Бүгінде республика бойынша бұл бағытта 5 арнайы орталық жұмыс істеп жатыр. Астанада мұндай мекеме әзірге біреу. Медициналық кешеннің жылына 250-ден астам сырқат баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. Әрбір бала 21 күндік 10 оңалту курсынан өтеді. Емнің алғашқы нәтижелері жаман емес. Ең бастысы, барлық қызмет тегін. Жобаның жалпы құны 168 миллион теңгеге бағаланды. Болашақта елімізде дәл осындай тағы 8 орталық ашу жоспарда бар.