Елдің БАҚ-тары хабарлағандай, трибунал сайлау кезінде Сальвадордың әлеуметтік мәселелерін шешудегі қол жеткізген жетістіктері туралы жазылған мақалалардың баспасөз беттерінде президенттің атынан шығуын заңбұзушылық деп тапқан.
Заң бойынша сайлауға 30 күн қалған сәттен бастап БАҚ арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайындағы материалдар президенттің, қала мэрлерінің және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің атынан таратылмауы тиіс.
Енді М.Фунес 571 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.
Айта кету керек, 2 ақпанда өткен сайлауда Сальвадордың жаңа президенті анықталмады. Енді 9 наурызда өтетін екінші турда билік партиясынан Санчес Серен мен оңшылдар партиясынан Норман Кихано билікке таласады.