Сальвадор Техаста биткоин елшілігін ашады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Орталық Америкада орналасқан Сальвадор мемлекеті АҚШ-тың Техас штатында екінші биткоин елшілігін ашуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Crypto News сайтына сілтеме жасап.

Сальвадордың АҚШ-тағы Елшісі Милена Майорганың хабарлауынша, Сальвадор өкілдері Техас үкіметі хатшысының орынбасары Джо Эспарзамен кездесіп, биткоин елшілігін ашу, сондай-ақ коммерциялық және экономикалық алмасу жобаларын кеңейту мәселесін талқылады.
Дипломат Техас үкіметінің көпшілігі бұл криптовалютаны ашық түрде қолдайтынын және 2022 жылы Сальвадор мен оңтүстік Америка штаты арасында 1 244 636 983 доллар сомасына коммерциялық айырбастау орын алғанын атап өтті.
Сальвадор 2021 жылдың қыркүйегінде биткоинді заңды төлем құралына айналдырған әлемдегі алғашқы егемен мемлекет ретінде тарихқа енді. Ел биткоинмен қамтамасыз етілген алғашқы тәуелсіз қарыз облигацияларын шығарып, криптовалютаға негізделген жобаларды жүзеге асыруда.
Алғашқы биткоин елшілігі Швейцарияда 2022 жылдың қазан айында ашылды. Сальвадор еуропалық континентте биткоинді таратуға бағытталған Лугано қаласымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Автор: Рүстем Қожыбаев

Фото: finliners.com