Сальвадорда 9 миллион доллардың қазынасы табылды
13:30, 06 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Сальвадордың құқық қорғау органдарының қызметкерлері фермалардың бірінен жерге көмілген екі бөшке тауып алды. Ол көмбенің ішінен 9 миллион доллар ақша табылды, деп хабарлайды РСН агенттігі.
Табылған ақшаны санау үшін полицейлерге үш күн керек болған. Тәртіп сақшылары, жақын маңда тағы басқа көмбелердің болу ықтималдығын жоққа шығармайды. Дегенмен, олар қазынаның қайдан келгенін хабарламай отыр.