Тағы 66 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі Сальвадордың Ұлттық азаматтық полициясына сілтеме жасап.
Сальвадор үкіметі бес департаментте төтенше жағдай жариялап отыр. Мемлекеттік радионың хабарлауынша, Заңнамалық ассамблея жақын сағаттарда бүкіл ел бойынша төтенше жағдай режимін енгізіп, аза тұту күнін белгілемек.
Екінші санаттағы «Ида» дауылы қазіргі уақытта Мексика шығанағы бойынша солтүстік-батысқа қарай сағатына 16 шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Бұған дейін дауыл Никарагуаны әбіржітіп, онда 40 мыңнан астам адам бапанасыз қалған болатын.