Сальвадорда қан тапсырғандарға танымал топтың кешіне билет үлестірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сальвадорда «Қызыл крест» ерекше акция бастады. Олар қан тапсырған адамдарға 6 наурызда өтетін британиялық «Iron Maiden» рок тобының концертіне VIP-билет таратпақ, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Осыдан кейін, ел астанасында «Қызыл Крест» ғимаратының алдында адамдар ұзын-сонар кезекке тұрды.
Ұйым өкілінің айтуынша, 50 билет қана тегін таратылғанына қарамастан, 150 адам қан тапсырған.
«Iron Maiden» рок тобы 1980 жылдардың басында танымал болған.