Оқиға Cuscatlán стадионында жергілікті Alianza командасы мен Санта-Анадан келген Fas командасы арасындағы матч кезінде болды. Матч уақытша тоқтатылған.
Президент Найиб Букеле мұндай оқиға бұрын-соңды болмағанын айтып, «толық тергеу» басталғанын мәлім етті.
Полицияның хабарлауынша, қаза тапқандар арасында жеті ер адам мен екі әйел бар. Олардың барлығы 18 жастан асқан.
Мәлім етілгендей, оқиға стадионға кіру жабылғаннан кейін көптеген жанкүйердің ішке өтуге әрекеттенген кезінде орын алған.
Билік пайымынша, кейбір жанкүйерлерге жалған билеттер сатылған. Осыған орай тергеу басталған.
Сондай-ақ шенеуніктер жарақат алған 90 адамға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Олардың арасында балалар да бар.
«Сальвадор азаматтық қорғаныс» ұйымының өкілі Луис Алонсо Амайяның айтуынша, 500-ге жуық адамға медициналық көмек көрсетілді, көпшілігі ауруханаға жеткізілді.