Сальвадорда тоғыз миллион доллар қазына табылды
20:13, 06 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Сальвадордң құқық қорғау органдарының қызметкерлері жерге көмілген екі бөшкені тауып алды. Металл контейнерде 9 миллион доллар ақша болды. Бөшкедегі қазынаны есеептеп шығу үшін полицейлер үш күнін сарп етті, деп хабарлайды, Утро.ру.
Полицейлер олардың қасында ақша салынған тағы басқа да контейнерлер болуы мүмкін деп жорамалдайды. Олжаның кімдікі екені хабарланған жоқ.