Сака әр айыптау бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұдан тыс, сот оны 260 млн долларды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Бұрынғы президентпен бірге оның үкіметінің алты мүшесі де сыбайлас жемқорлыққа қатысқаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Экс-президент өткен айда түрме мерзімін қысқартуға үміттеніп, сот тағып отырған айыптарды мойындаған еді.
Орталық Америкадағы республиканы 2004-2009 жылдар аралығында басқарған Антонио Сака 2016 жылдың қазанында өз ұлының үйлену тойында ұсталған болатын.