Осыған ұқсас шешімді бұл елдің Жоғарғы соты 2014 жылдың 8 желтоқсанында қабылдаған еді. Онда Тәжікстан елінде аталмыш ұйымның уағыз-насихатын жүргізуге, әдебиеттері мен өзге де материалдарын кіргізуге, таратуға, сондай-ақ интернет ресурстарының ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынды.
Ендігі уақытта осы ағым мүшелері Тәжікстанның Қылмыстық Кодексінің 307-бабы «экстремистік бағытқа ашық шақыру» бойынша айыпталатын болады.