Ойындар 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында аталған мемлекеттің Абиджан, Корото, Сан-Педро, Буаке, Ямусукро секілді 5 қаласында орналасқан 6 стадионда өтеді.
Дүбірлі доп додасында барлығы 24 құрама 6 топқа бөлінген.
Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегідей:
А тобы: Нигерия, Кот-д’Ивуар, Экваториалды Гвинея, Гвинея-Бисау;
В тобы: Кабо-Верде, Мозамбик, Гана, Египет;
С тобы: Гамбия, Гвинея, Сенегал, Камерун;
D тобы: Алжир, Буркина-Фасо, Ангола, Мавритания;
Е тобы: Намибия, Мали, Оңтүстік Африка, Тунис;
F тобы: Марокко, Замбия, Конго Демократиялық Республикасы, Танзания.
Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама 1/8 финалға жолдама алады.
Африка ұлттар кубогында мысырлық Мохамед Салах («Ливерпуль», Англия), сенегалдық Садио Мане («Аль-Наср», Сауд Арабиясы), камерундық Виктор Осимхен («Наполи», Италия) секілді жұлдызды ойыншыны алады.
Еске салсақ, 12 қаңтарда Катарда футболдан Азия кубогы жалауын көтерді.
Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары жалауын көтереді.