Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізілді.

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

  «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қаулы етеді:

1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына (Қазақстан Республи­касының ПҮАЖ-ы, 2008ж., №29, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай жазылсын:

«1) тау-кен металлургия саласында - 1,8;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) электр энергетикасы саласында - 2,0;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.