Бұл жайында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының насихат және коммуналдық ісі бөлімінің бастығы Жақсыгелді Ақанов Алматыда өтіп жатқан семинар барысында мәлім етті.
Қазіргі уақытта Республика бойынша "Саламатты Қазақстан" атты бағдарлама іске асырылуда. Соның аясында қалада 16 бағдарлама жұмыс істеп жатыр. «24 наурыз күні дүниежүзілік туберкулез күнін атап өтіп, соған орай айлық өткіздік. Жастар арасында аталған індеттің таралуы жөнінде мағлұмат беріп, спорттық шаралар ұйымдастырдық. Оған 15-тен аса жоғары оқу орнының студенттері қатысты», -дейді Ж.Ақанов.
Сонымен қатар ол МАИ қызметкерлерімен бірігіп, жол апаттарына қарсы, оның алдын алу жөніндегі айлықты өткізіп жатқандықтарын атап өтті. Ж.Ақанов атқарылып жатқан істермен қатар алға қойып отырған басқа да іс-шараларға тоқталып өтті. «Жақын күндері Білім беру басқармасымен бірігіп дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру онкүндігін өткізбекпіз. Сондай-ақ жазғы салым болатын нашақорлыққа қарсы дүниежүзілік күнін атап өтіп, соған қатысты көптеген іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз», -деді ол.