«Саламатты Қазақстан» поезы 122 мың түрлі медициналық көмек көрсетеді

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - 2011-2015 жылдарға арналған «Сааматты Қазақстан» ҚР денс аулық сақтау бағдарламасының басмдықты бағыттарының бірі ауыл халқына, қашықтағы аудандарда тұратын адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру көлік медицинасын дамыту есебінен жүргізіледі,

деп хабарлайды pm.kz сайты үшін ҚР Денсаулық ақтау министрлігі.

2010 жылы алғашқы «Денсаулық» пойызы іске қосылып, оның дәрігерлері 23 мыңнан астам ауыл тұрғындарына емдеу-сауықтыру және консультативтік-диагностикалық көмек көрсеткен болатын. «Жәрдем» пойызының мамандары 15300 астам адамды тексерді. Ағымдағы жылы қыркүйекте 122 мың түрлі медициналық көмек көрсететін, соның ішінде телемедицингалық технологияларды қолданатын үшінші пойыз іске қосылды",-деп көрселіген ведомство хабарламасында.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік медицинасын дамыту есебінен еліміздің қашық және қиын жерлеріндегі ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді етуді қамтамасыз етуді арттыру жұмыстары жалғасуда.

Осы мақсаттарда республикалық бюдеттен 50 жылжымалы медициналық кешендерді сатып алуға қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда өңірлерде осындай 17 кешен жұмыс істейді, қалғанын сатып алу бойынша байқау рәсімдері жүргізілді. ЖМК жұмыс істеген ағымдағы мерзімде 110200 астам адам медициналық қараудан өтті, 67300 астам диагностикалық зерттеу, 56350 зертханалық зерттеу, профилдік мамандарға арналған 82860 консультация жүргізілді.

Толығырақ http://pm.kz сайтынан қараңыз.