Еске сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастап, 2017 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы 97 станцияны қамтиды деп жоспарлануда. Сегіз вагон тиелген «Саламатты Қазақстан» пойызы шалғай жатқан елді мекендерге ат басын тіреді. Невролог, нефролог, уролог, гематолог, ортопед-травмотолог, ревматолог, пульмонолог, педиатр, гастроэнтеролог, ангихирург, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, онколог сияқты мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.
«Әрине, пойыздың келуі қарапайым тұрғындар үшін жақсы болды. Бұған дейін де осындай шаралар елімізде жүзеге асырылған болатын. Еліміздің кез-келген өңірін алсақ та дәрігерлер жетіспейді. Бүгінгі күні Атбасар қаласына маманды дәрігерлердің келуі аса маңызды», - дейді Атбасар қаласының тұрғыны Ольга Ермолаева.
Ал, Мария Браус болса, көрші ауылдан офтальмолог маманға көзін көрсетуге келген. Зейнеткер көзілдірігін ауыстыру туралы маманнан кеңес алған.
Сонымен қатар, жоғары білікті дәрігер мамандарға науқастар ғана емес, өз денсаулығына бей-жай қарамайтын денісау тұрғындарда жолығып ақыл-кеңес алуда. Соның бірі - Жанар Жақсылықова қан тапсырып, айнаға түсіп өз денсаулығынның қаншалықты сау екеніне көзін жеткізді.