«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысының «Разъезд 69 км» станциясында тұрғындарды қабылдайды. Айта кетейік, бұл облыстағы соңғы станция, одан әрі пойыз Ұлытау облысы бойынша өзінің жұмыс сапарын жалғастырады», - делінген компания мәліметінде.
Медициналық пойыздың Ұлытау облысы бойынша маршруты:
- Теректі станциясы – келуі 8 тамыз, сағат 08:57;
- Қарсақбай станциясы – келуі 10 тамыз, сағат 01:08;
- Байқоңыр станциясы – келуі 11 тамыз, сағат 22:57;
- Қоскөл станциясы – келуі 13 тамыз, сағат 23:58.
«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік пойызы қызметін 2023 жылғы 6 желтоқсанда аяқтайды. Пойыз ең шалғай станцияларға тоқтап, халыққа көмек көрсетіп келеді.