Салауат Қалымғазыұлы Шериязданов 1972 жылы 10 қаңтарда Шығыс-Қазақстан облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген (экономика ғылымдарының кандидаты); Ресей Федерация Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторантурасын аяқтаған.
Еңбек қызметін 1993 жылы «Мейірім» сақтандыру компаниясында бас директордың орынбасары болып бастаған. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Қазпошта» АҚ «Қазгеология» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ басқа да ұйымдар мен ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарды. 2013 жылдың қараша айынан бастап «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, содан кейін «ҚазАгроСтандарт» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.
2016 жылғы 7 қыркүйектен бастап - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.