Салауатты мемлекет құрған Назарбаев заманы арман да, аңыз да емес, айшықты ақиқат - И. Тасмағамбетов

None
АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бабаның байтақ жерін бүтіндеп, шекарасын бекіткен, адамын 1,5 млн-ға арттырып, алыс-жақын жақтаған, береке бірлігін сақтаған, салауатты мемлекет құрған Назарбаев заманы арман да, аңыз да емес, айшықты ақиқат.

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының кезекті XIII съезі барысында Астана қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов осылай мәлім етті.

Елорда әкімі бүкіл Түркі жұртының кемеңгері Мұстафа Ататүріктің сөзінен бастап: «Жерін бүтіндеп, халқын көбейтіп, мемлекетін көркейткен, міне нағыз жеңімпаз - сол! Ал халық қашанда жеңімпазды таңдайды», деген өсиетке назар аударды. «Расында, арғы-бергі заманда ел билеп, халық есінде қалған қай билеушінің ізі де тарихтағы осындай қырағы қағидамен бағаланады. Кезінде, қазақтың санын миллионға жеткізіп «қой үстіне бозторғай жұмыртқалатқан» Қасымның хандығы бүгінде аңыз. ­Өз кезегінде бабаның байтақ жерін бүтіндеп, шекарасын бекіткен, адамын 1,5 млн-ға арттырып, алыс-жақын жақтаған, береке бірлігін сақтаған, салауатты мемлекет құрған Назарбаев заманы арман да, аңыз да емес, айшықты ақиқат», - деді И. Тасмағамбетов.