деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 8 литрден астам ішімдік пайдалану ұлттық тектік қордың құрып кетуіне әкеп соқтырады екен. Ал бүгінгі күні Қазақстанда ішімдікті пайдалану мөлшері жан басына шаққанда 12 литрге жетіп отыр. Сондай-ақ, халықтың сыра ішімдігіне әуестігі де алаңдатарлық. Мәселен, Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, соңғы он жыл ішінде Қазақстанда сыраны қолдану мөлшері жан басына шаққанда 31 литрді құрайды. Сыра ішімдігін пайдалану жөнінен Қазақстан Германия, Чехия, Словакия, Венгрия сияқты мемлекеттерден кейінгі 8 орынға шықты», деді депутат.
Оның айтуынша, елімізде қазіргі күні 304 мың 108 ішімдікке құмар адам диспансерлік есепте тіркеуде болса, соңғы үш жылдың ішінде ішімдіктің кесірінен 55 мың 962 өрт жағдайы тіркеліп, онда 1 мың 138 адам қаза тапқан.
«Ішімдіктің республикамыздың демографиялық ахуалы мен қоғамның дамуына тигізетін зияны мол, ұрпақ тәрбиесіне де кесірі зор. Сондықтан да Елбасының араққұмарлықпен күресу туралы бастамасын қолдай отырып және ішімдік пайдаланудың ұлт денсаулығына қаншалықты зиян тигізетін ескере келе, ұзақ мерзімді Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық бағдарламасын қабылдау қажет деп есептеймін»,- деді Т. Қадамбаев.