Салехардта халал бұғы еті пайда болды

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Салехардтағы (Ямало-Ненец автономды округының әкімшілік орталығы) мешіттің есігіне «Халал бұғы еті сатылады» деген хабарландыру ілінген.

- Бұрын ешқандай қоспасы жоқ, табиғи, халал өнімдерді Салехардтан табудың өзі мұң болатын. Азық-түлік дүкендерінде тек халал тауықтың еті мен бағасы удай қымбат жылқының етінен жасалған шұжық қана болатын. Біздің қоғамдық ұйым осы мәселені бұрыннан көтеріп келеді. Мешітке өтінішімізді айттық. Олар біздің бастамамызға қолдау білдірді. Қойдың, сиырдың, жылқының халал еттері пайда болды,- деді Салехард татарларының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Хасан Боязитов «Север-Пресс» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, muslim.kz сайтының жазуынша, өзге өңірлерде кездесе бермейтін халал бұғы етінің сатылуы да Салехардта үлкен жаңалық болды.

Қазіргі уақытта «Ватан» қоғамдық ұйымы халал косметикалық әрі парфюмерлік өнімдерді Түркиядан және Біріккен Араб Әмірліктерінен алдыруды жоспарлап отыр.