Компания мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер командамен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады.
Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілмек.
Джеки Чан өзінің ресми парақшасында: «Алматыда түсірілім алаңдарын таңдадым. Көрсеткен қонақжайлылығы үшін Salem Entertainment-ке алғыс айтамын», - деп жазған.
– Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтіп тұр. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда, – делінген Salem Entertainment хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Джеки Чан Алматыға келгені хабарланған болатын.
Ал жылдың басында Қазақстанда актердің қатысуымен бірнеше кино жоба қолға алынатыны жарияланды.