Президент Салық кодексіне түзету енгізетін заңға қол қойды

Фото: kursiv.media

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Салық кодексі және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді.

- Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған ресми дереккөзде.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесіне қатысты заңға қол қойды.