Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі мен жобалық кеңсе ретінде бекітілген Қаржы министрлігі құжатпен әлі жұмыс істеп жатыр.
– Менің ойымша, Құрылтайға қазан айының басынан ерте түспейді. Біз бұл мәселені Серік Жұманғаринмен (Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі – ред.) талқылаған болатынбыз. Құрылтайдың қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін вице-спикер ретінде бұл мен үшін де өте маңызды. Менің түсінуімше, олар құжатты қазан айының басында енгізуге дайын. Әзірге не болатыны олардың еншісінде. Түзетулер Құрылтайға енгізілген бойда бұл мәселені сіздермен талқылауға дайынмын, – деді Дәния Еспаева Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы аясында.
Шілде айында Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті әзірленген еді.