Салливан Баррера: «Уордпен жұдырықтасуға дайындалуыма Головкин және өзге де спортшылар көмектесіп жатыр»
21:03, 15 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 34 жастағы кубалық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Салливан Баррера өзінің кәсіби спорттық жолындағы маңызды кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлады sports.kz.
26 наурызда Оклендта (АҚШ, Калифорния штаты) ол 32 жастағы америкалық Андре Уордпен бәсекелеседі.
-Жекпе-жекке деген жоспарымыз жақсы, - деді Салливан. «Кездесуде қандай жағдай болмасын, әр кезеңде тізгінді өз қолыма аламын деп ойлаймын. 26 наурызда жеңемін. Маған Геннадий Головкин, сонымен қатар өзге спортшылар да көмектесіп жатыр. 26 наурызда барлығына Салливан Баррераның мықты екенін көрсетемін».